2025 жылы 3 қыркүйек күні КГКП «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» кітапханасында «Әлем тілдері – тілдер панорамасы» атты тақырыбында интерактивті көрме-презентацияны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы М.Қ. Бейсенбинаның ұйымдастыруымен өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: білім алушылардың әлем тілдеріне деген танымдық қызығушылығын арттыру, көптілді білім беру идеяларын насихаттау, мәдениетаралық қарым-қатынасқа құрмет сезімін қалыптастыру.
Іс-шара барысында келесі интерактивті бөлімдер ұсынылды:
«Виртуалды тілдер картасы» – білім алушылар әлем халықтарының тілдік ерекшеліктерімен және амандасу үлгілерімен танысты;
Мини-ойын «Полиглот» – қатысушылар түрлі тілдердегі сөздерді дұрыс анықтап, сәйкестендіру арқылы білімдерін көрсетті;
«Саяхатшы төлқұжаты» – білім алушылар әрбір тілдік станциядан белгі жинап, тапсырмаларды орындау арқылы белсенділіктерін арттырды.
Іс-шара мазмұнды, тартымды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті. Білім алушылар белсенділік танытып, түрлі тілдердегі жаңа сөздер мен мәдени деректерді меңгерді. Интерактивті технологияларды қолдану көрмені заманауи сипатта ұйымдастыруға мүмкіндік берді.
